АНА СҮТІМЕН ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

0
45

 

АНА СҮТІМЕН ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Бала үшiн:

• баланың анасымен арасындағы жақсы өзара қарым-қатынас (анасымен тығыз қарым-катынас балаға қорғаныш сезiмiн бере отырып, баланы тыныштандырады, емiзген кездегі анасымен қарым-қатынас баланың эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық дамуын арттырады);

• организмге толыққанды нәрлі заттардың, микроэлементтердің, дәрумендердің,ферменттердің түсуін қамтамасыз етеді;

• асқазан-ішек жолының қызметін реттейді (диспепсиялық аурулардың жиілігі мен ұзақтығын азайтады);

• иммунологиялық қорғаныс туғызады (емшек емiп жүрген балалар жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда 2,5 есе аз ауырады және олардың ішінде 6 айлық балалардың диа- реядан елу ықтималдығы 25 есе аз болады, респираторлық инфекциялардан қорғауды қамтамасыз етеді, құлақтың қабынуы және онын кайталану жиілігі азаяды);

• нәрестелерді некротиялык энтероколиттен, бактериемиядан, менингиттен, ботулизмнен және несеп шығару жолдарынын инфекциясынан қорғауы мүмкін;

• 1 типтi кант диабеті және ас корыту жолынын кабынуы сияқты аутоиммундық аурулардың азаюы мүмкін;

• дені сау баланың мезгілсіз шетінеу синдромы каупінің азаюы мүмкін;

• сиыр сутіне аллергияның даму қаупі азаюы мумкін;

• неғурлым ескен кезде семіздік қаупін төмендетуі, өскенде жүректің ишемия ауруының алдын алуы мүмкін;

• IQ шкаласы бойынша ақыл-ой дамуының көрсеткіштерi жоғарылайды;
• еңбек – тамак стереотипін қалыптастырады;

• тістердің түйiсуiн дурыс калыптастырады.

Ана үшiн:

• бала туғаннан кейiн емiзудi ерте бастау жатырдың тартылуына ықпал ете отырып, босанғаннан кейiнгi қан кетуді азайтады, сол арқылы ана өлімін төмендетеді, сондай-ақ ананың гемогло- бин корын сақтайды;

• тек бала емшек емген кезде, яғни 6 айға дейін жүктіліктен сақтайды (сондай-ақ емiзу амено- реясы ана организмiн темiр жоғалтудан сақтайды);

• климактериялық кезең алдында кеуде және аналық бездер обыры қаупін азайтады;

• аналық сезiмдi дамыта отырып, баламен жаксы психологиялық байланыс орнатуға ықпал етеді.

• дені сау бала;
• дені сау ана.

Шу қалалық емханасының балалар кеңесі бөлімінің меңгерушісі
Жаннұр Құлжанова