«Аса қауіпті инфекциялар және қызылша ауруының алдын алу бойынша» т

0
7

 

Бүгін Шу қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері С.Дюсембиев және эпидемиолог дәрігердің мейірбикесі О.Бударинамен терапия бөлімінің қызметкерлеріне «Аса қауіпті инфекциялар және қызылша ауруының алдын алу бойынша» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:
ауру қоздырғышы (микроб),
сыртқы орта және
қабылдаушы сезімтал организм.
Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, және т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.
Жұқпалы аурулар кезеңдері:
жасырын (инкубациялық),
күмәнді (продромалдық),
ауру дамуы және
айығу (реконвалесцениттік)
20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эволюциялық даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б.
Қызылшаның белгілері:
Негізгі белгілері: басынан бастап таралатын, дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін бүкіл денеге бөртпелер шығуы; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қосымша ауыр аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі.
#қызылша #инфекция #қауіптіаурулар #шуемхана #түсіндіру #дәрігерлер #медицина #жұмыстар