Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Шу қалалық емханасында болып, емдеу мекемесінің бас дәрігері Гүлмира Құлмағанбетованың қала тұрғындарына көрсетіп отырған медициналық көмек түрлері туралы атқарып отырған жұмысынан есеп алды.

0
21

shu_gp #Repost @densaulyk.zhambyl with @use.repost
・・・
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Шу қалалық емханасында болып,
емдеу мекемесінің бас дәрігері Гүлмира Құлмағанбетованың қала тұрғындарына көрсетіп отырған медициналық көмек түрлері туралы атқарып отырған жұмысынан есеп алды.
41 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсететін Шу қалалық емханасында
224 қызметкер жұмыс істейді. Дәрігерлер-31,
орта буындағы қызметкерлер -140,
кіші буындағы қызметкерлер -17,
басқа қызметкерлер-36.
Емдеу мекемесінің халыққа көрсететін медициналық көмек түрлері, ел денсаулығын арттыру жолындағы атқарып отырған тірліктерімен танысқан облыстың бас дәрігері күрделі жөндеуден кейінгі қайта жаңғыртылған емхананың бүгінгі келбетін көріп, бас дәрігері Гүлмира Қүлмағанбетоваға тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берді. Емхананың халыққа қызмет сапасын жақсарту мен медициналық көмек қолжетімділігін арттыру туралы арнайы міндеттелер легін тапсырды.
Есеп беру жиынында облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының бас дәрігері Дабыл Шымыров пен онкология және хирургия орталығының бас дәрігері Айваз Алиханов өз салаларында Шу қаласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттері туралы баяндады.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі