Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Шу қалалық емханасында болды.

shu_gp #Repost @densaulyk.zhambyl with @use.repost
・・・
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Шу қалалық емханасында болып, емдеу мекемесінің халыққа көрсететін медициналық көмек түрлері, ел денсаулығын арттыру жолындағы атқарып отырған тірліктерімен танысты. 41 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсететін мекемеге жақында күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа медициналық құрылғылармен қамтамасыз етіліп, толыққанды қайта жаңғыртылған.
Жанар Мықтыбекқызы жаңарған емхананың бүгінгі келбетін көріп, бас дәрігері Гүлмира Қүлмағанбетоваға тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берді. Сондай-ақ, пациенттің емханаға кірген бетінен бастап, шыққанға дейінгі жүру жолымен танысып, оған қызмет көрсететін орта буынды медқызметкерлердің біліктілігін және қызметтік талаптарын орындай алуы бойынша сұрақтар қойып, теориялық білімдерін тексерді.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі