Бүгін Шу қаласы А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп лицейінде Шу қалалық емханасы мамандарының қатысуымен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жарақаттанудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгін Шу қаласы А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп лицейінде Шу қалалық емханасы мамандарының қатысуымен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жарақаттанудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Балалардың жарақаттануы және оның алдын-алу өте маңызды. Әсіресе мектеп демалысы кезінде, балалар бос уақыттарын көшеде көп өткізіп, ересектердің қарауынсыз қалады. Ересектер ықтимал қауіптердің алдын алуға және балаларды олардан қорғауға міндетті!!! Жарақаттанудың алдын алу бойынша ата-аналардың жұмысы 2 бағытта жүруі тиіс:
Балаларға жарақаттанудың алдын алу негіздерін үнемі үйрету.
Балаға үрей туғызбастан, керісінше, дұрыс әрекет етуді, қауіптен қалай аулақ болуды үйрету керек.
Алдын алу әдістері баланың жасына байланысты. Кішкентай баланы көзден таса қалдырмай, қауіпті заттардан қорғау керек. Бала неғұрлым үлкен болса, оған қауіпсіздік ережелерін түсіндіру маңызды.
Жарақат тудыратын жағдайлардаң алдын-алу: үй жағдайында ыстық заттардан балаларды аулақ ұстау (қайнаған су; пеш), электрлі приборлардан , тоқ жүйесінен қорғану, этаж үйлерде терезені қоршауға алу, балаға жолда жаяу жүру ережесін үйрету, тұрмыстық өткір, кескіш заттар және ұсақ мұрынға, көзге кіретін заттар, дәрі-дәрмектерге, тұрмыстық химикаттарға мұқият болу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жанғыш заттардан баланы аулақ устау, әр түрлі спорт үйірмелерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қыс мерзімінде таймайтын табаны бар аяқ киім кигізу, мектеп уақытында сатыдан бір-біріні итермеуге жәнке жүгіріп түспеуге үйрету, ойын парктарында биіктен сырғанау және әр түрлі ойыншықтарда ойнауда абайлап ойнауды үйрету. Ересектер әрқашан балалардың денсаулығы мен өмірі олардың қолында екенін есте ұстауы керек! Біз оларға шынымен дәрігерге баруға қажеттілік туындатпайтындай жарақатсыз ,бақытты балалық шақ сыйлауымыз керек!!!