«Ерте жүктіліктің алдын алу»

0
17

 

Шу қалалық емханасының мамандары «Жібек жолы» мектеп лицейінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды.
Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.