
🔰Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының біріккен 2023 жыл 07 наурыз күнгі № 59/90- Ө «Иммунопрофилактика мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізу» бұйрықтарын орындау барысында Шу қалалық емханасында ДСБ мамандары және Жамбыл облысы санитариалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары медицина ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін «Вакцинамен меңгерілетін инфекциялардың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында көшпелі семинар, екпе пункттеріне мониторинг жүргізу мен иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері бойынша тәжірибелік, кеңес беру-әдістемелік көмек көрсетілуімен медициналық санитарлық кеңестер мен мастер класстар өткізді.
Семинар – сабақтар соңында медицина қызметкерлерінен иммунопрофилактика сұрақтары бойынша тестілеу жүргізілді.
Медициналық санитарлық кеңеске облыстық жауапты мамандармен бірге Шу қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасарлары Н. К. Козыкорпешова, Г. М. Инкарбекова, эпидемиолог дәрігер С.Х.Дюсембиев, емхананың бас мейірбикесі С.Охремчук, эпидемиолог дәрігердің мейірбикесі О.Бударина, СЭҚ қызметкерлері т.б медицина қызметкерлері қатысты.
Жиналыста иммунопрофилактика бойынша өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар сұрақтарға жауаптар алынды.
#иммунология #иммунитет #медицина #семинар #медики #шуемхана #поликлиникагородашу
@densaulyk.zhambyl @dsek_zhambyl @shu_audanduk_san.epid.bakylau @shucrb74 @shugorbolnica