КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫН АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
20

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫН АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

02.03.2023 жылы Шу аудандық орталық аурухана, Шу қалалық емханасының бас дәрігерлері, Шу аудандық ветеринариялық стансасы, Шу аудаңдық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен штаб отырысы өтті.
Штаб отырысында елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру жұмыстарын және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын алдын-алу бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу таралы нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарын елді мекен аймағында, үй ауласында, мал қораларда күл-қоқыс, қи-көңнен тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз.