
🔰Бүгін Шу қалалық емханасының клиникалық психологы Наги-Оглы Земфира Реджебовна, Шу аудандық ішкі істер қызметкерлері және мектеп әкімшілігі қызметкерлерімен бірге Жамбыл мектеп гимназиясында «Психотропты және есірткі заттарын қолданудың алдын алу және ЖИТС-ке қарсы күрес тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты барлығымыз отбасынын бастауымыз қажет.Баланы еңбекке, имандылыққа, білімге баулып, дұрыс үлгі көрсету арқылы ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз.