Халық денсаулығы және ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске (195-бап) сәйкес медициналық көмек көрсетіледі:

0
18

‼Халық денсаулығы және ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске (195-бап) сәйкес медициналық көмек көрсетіледі:
1⃣ минималды – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)
2⃣ базалық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек (МӘМС)
3⃣ қосымша
📍ТМККК тізбесіне мыналар кіреді:
✔Жедел медициналық көмек;
✔Алғашқы медициналық-санитарлық көмек; ✔ АИТВ инфекциясы, туберкулез, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі ауруларды диагностикалау және емдеу, туберкулез кезінде медициналық оңалту;
✔ шұғыл медициналық көмек;
✔ созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде тәулік бойы, күндізгі стационарда және үйдегі стационарда медициналық көмек;
✔ жұқпалы, паразиттік аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттерге медициналық көмек;
✔ паллиативтік көмек;
✔ донорлық;
✔ қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
✔ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:
🔸 аурулардың алдын алу және ерте анықтау;
🔹амбулаториялық жағдайларда аурулардың диагностикасы;
🔸 бейінді мамандардың қабылдауы және консультациялары;
🔹 қабылдау бөлмесінде және тәулік бойы стационарда шұғыл медициналық көмек;
🔸 тәулік бойы, күндізгі және үйдегі стационарда жоспарлы медициналық көмек;
🔹 медициналық оңалту;
🔸 патологиялық-анатомиялық диагностика;
🔹 қайтыс болғаннан кейінгі донорды даярлау;
🔸 дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.

#мәмс #осмс #тмккк #гобмп