“Шын жүректен мың алғыс”

0
11

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай, “Шын жүректен мың алғыс” атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізілді. Іс шараға “Насими” әзірбайжан этномәдени бірлестік орталығының өкілі Мухамеджанова Гүльханум Насруллаевна және Шу қалалық емхана басшысының орынбасары Инкарбекова Гаухар Меркибековна шақырылды. Мақсаты: “Алғыс – айту күні” бұл ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым – қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың достығы мен бір – біріне деген құрметін арттыру.