Қазақстанда КВИ-мен сырқаттану 5,2 есеге төмендеді – А. Ғиният

0
51
В Казахстане заболеваемость КВИ снизилась в 5,2 раза – А. Гиният

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады.

“Соңғы екі аптада КВИ+ ауруы 5,2 есеге, КВИ- 2,1 есеге төмендеді. Ағымдағы жылдың 23 ақпанына республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың 15%-ы немесе 20 738 төсектің 3 041-і, реанимациялық төсек-орындардың 13%-ы немесе 2 232 төсектің 285-і жұмыспен қамтылған”, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі.

Мәселен, соңғы 2 аптада инфекциялық және реанимациялық төсек-орын саны 38%-ға және 48%-ға төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, реанимация бөлімшелерінде КВИ диагнозы бар науқастар санының 1,9 есе төмендегені анықталды. Олардың саны 285 адамды құрады.

Жалпы, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес ҚР және 13 өңір “жасыл” аймақта орналасқан. Қостанай, Павлодар облыстары және Алматы қаласы – “сары” аймақта. Тек Солтүстік Қазақстан облысы “қызыл аймақта” қалуда.

Сондай-ақ, министр халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанының барысы туралы хабарлады. Вакцинациялауға жататын ересек тұрғындардың бірінші компонентімен қамтылуы 82,2%-ды, халықтың жалпы санынан – 53,5%-ды; екінші компонентімен – 78,7%-ды, халықтың жалпы санынан- 50,1%-ды құрайды.

Өз кезегінде ревакцинацияны 2 млн 514 мың адам немесе тиісті халықтың 54,4% алды.

“Наурызда ревакцинацияға жататын адамдардың саны 981 мың адамға көбейетінін және ақпаннан наурыздың соңына дейінгі қалдықты ескере отырып, 3 млн адам ревакцинацияға жататынын еске салғым келеді. Осыған байланысты өңірлер халықты қайта вакцинациялау қарқынын төмендетпеуі қажет”, – деп атап өтті министр.