📌 Ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы аурулар қатарына жататын қауіпті инфекцияның бірі – менингококк инфекциясы.

0
22

📌 Ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы аурулар қатарына жататын қауіпті инфекцияның бірі – менингококк инфекциясы.

Қыс және ерте көктемде менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық анағұрлым жоғары болады.

Ауру қоздырғыш бактериялар инфекция көзі болып табылатын ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан, яғни ауру белгілері жоқ, бірақ олар менингококк ауруының бактерияларын тасымалдаушылары болып табылатын адамдардан жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сыртқы ортаға бөлініп басқа адамдарға жұғады.

Бактериялар мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына еніп адам назофарингитпен ауырады. Егер адамның қорғаныс қабілеті жақсы болса, ауру әрі қарай тарамай осымен аяқталады. Ал, егер адамның иммунитеті төмен болса, бактериялар мұрын-жұтқыншақтың лимфа тамырлары арқылы қанға өтіп, әрі қарай ми қабаттарын зақымдайды.