🔰Бүгін Шу қалалық емханасының зертхана бөліміне 2 заманауи қан және несіп талдау гематологиялық анализатор құрылғылары алынды.

0
17

🔰Бүгін Шу қалалық емханасының зертхана бөліміне 2 заманауи қан және несіп талдау гематологиялық анализатор құрылғылары алынды.
Осы салтанатты іс-шараға Шу қалалық емханасының бас дәрігері Г. Т. Кульмаганбетова, бас дәрігердің орынбасарлары Н. К. Қозыкөрпешова, Г. М. Инкарбекова, зертхана бөлімінің меңгерушісі А. М. Сардарова және зертхана бөлімі қызметкерлері қатысып, лента қиу рәсімі өтті.
Бұл 2 қан және несіп талдау анализатор құрылғылары автоматтандырылған.
12 параметрлі несіп талдау анализаторы 1сағаттың ішінде 120 адамның талдауын зерттейді, ал 12 параметрлі қан талдау гематологиялық анализатор құрылғысы 1 сағатта 60 адамның талдауын зерттейді.Бұл гематологиялық талдау құрылғылар халық денсаулығы мен игілігі үшін, уақытты тиімді пайдалану, жұмыстың сапалы болуын қалыптастыруға үлкен септігін тигізері анық.