«Нашақорлықты алдын алу, Есірткіге жол жоқ деп айтайық”, «Маскүнемдіктің алдын алу және маскүнемдікке жол жоқ деп айт» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- 🔰Бүгін Шу қалалық емханасының клиникалық психологы Земфира Наги-Оглы Реджебовна «Ғани Мұратбаев» орта мектебінің оқушылары арасында еркін тақырыпта «Нашақорлықты алдын алу, Есірткіге жол жоқ деп айтайық”, «Маскүнемдіктің алдын алу және маскүнемдікке жол жоқ деп айт» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нашақорлық – қоғам проблемеасы. Жалпы, нашақорлыққа әуестік неден туындайды?
– Жасыратыны жоқ, нашақорлыққа көбінесе жастар шалдығады, алайда бүгінгі күні ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне сенгіш келеді. Өздері жас болғандықтан, қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне үлкен адамның ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жан дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Нәтижесінде есірткіге организмнің тәуелділігі қалыптасады.
Маскүнемдік– жүйелі түрде спиртті
сусындарды қабылдаумен шақырылатын
алкогольге патологиялық құмарлықтың
пайда болуымен, психикалық,физикалық
бұзылыстармен сипатталатын созылмалы
психикалық ауру.
Маскүнемдік (алкоголизм)
спиртті ішімдіктерге салынушылық.
Маскунемдік-медициналық тұрғыдан
қарағанда, спиртті ішімдіктерді жиі,
шектен тыс қабылдаудан және оларға өте
әуес болудан туындайтын созылмалы ауру
Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда,
маскүнемдік -денсаулыққа, еңбекке, қоғам
өміріне кері әсерін тигізетін спиртті
сусындарды көп мөлшерде қолдану
Жедел алкогольдік масаю
Қайтымды патологиялык реакциялармен
(психикалық, неврологиялық,
соматовегетативті) сипатталалатын
жалпытоксикалық әсерімен көрінетін
(эйфория, седация, релаксация) спиртті
сусындарды қабылдау салдары болып
табылады.
#маскүнем #алкоголизм #қазақстан🇰🇿 #денсаулық #денсаулықзорбайлық #психология #шуауданы #жамбылоблысы #шуемхана #здоровья #здоровыйобразжизни