
Шу ауданы әкімінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесі аудан әкімінің орынбасары Н.С. Жақсыбаевтың төрағалығымен өткізілді.
1. Аудандағы туберкулез ауруының былтырғы жылмен салыстырмалы эпидемиялық жағдайы
2. Үстіміздегі жылдың 3 айында нақты топтағы балаларды алдын ала екпемен қамтуды талдау
3. Конго – Қырым геморрагиялық қызбасынан қорғану іс – шараларын талдау
4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарынжинау, зарарсыздандыру, тасымалдау, сақтау, көмуге қойылатын сан -эпидемиологиялық талаптар туралы.
Күн тәртібіне қойылған барлық сұрақтар талқыланды, шешімдер қабылданды. Ары қарай жұмыстар ұйымдастыру жөнінде, қосымша қаржы бөлу жөнінде Шу ауданы санитарялық эпидемиологиялық басқармасы атынан тиісті ведомстволарға хат жолдануы, жұмысты жандандыруға аудан басшылығымен бірге мүдделі ведомстволар бірлесе атқару қажеттігі басты назарға алынды.