ГКП на праве хозяйственного ведения «Шуская городская поликлиника управления здравоохранения акимата Жамбылской области»

+7 (726 43) 6-34-15, +7 (726 43) 2-44-07 (факс)

Наш адрес: Казахстан, Жамбылская область, г. Шу, ул. Сатпаева, 155
Банеры








Новости

Тема: События
МӘМС
21 октября 2019 года0100

МӘМС
МСҚ кезкелген сайтта сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін плагин жасапшықты
Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы көбірек хабардар болуы үшін МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды.
 Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ Ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев арнайы плагиннің құрылғаны туралы айтып берді.
 -   Бұл плагинді құрудағы мақсат қандай, халыққа берер пайдасы бар ма?
 -   Функционалды тұрғыдан алғанда, құрал өте қарапайым. Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле алады. Бүгінгідей барлық адам гаджет қолданатын заманда, бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау керек. Мысалы, азаматтың «жалдамалы жұмысшы» деген мәртебесі бар және ол үшін төлемді жұмыс беруші жасайды. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады.
- Еліміздің әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін не үшін қадағалап отыруы керек?  
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі басталады. Осы уақытқа дейін барлығымыз МӘМС жүйесі аясында сақтандыру мәртебемізді анықтап алуымыз керек. Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылды және оған медициналық көмек қажет болды. Егер ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қолжетімді болады. Ал, МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Осылайша, егер сіз МӘМС жүйесінде өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анық білсеңіз, 2020 жылдан бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызметтер спектрін ала аласыз.
 -  Бұл құралды пайдалану үшін қай жерде қолжетімді болмақ?
- Плагин әмбебап форматта жасалған. Ол кез келген сайтқа тіркеуге ыңғайлы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бұл мәселеге қызығушылық танытқан барлық сайт иегерлеріне айтарым: егер сіздер өздеріңіздің ресурстарыңызда плагинді орнатқыларыңыз келсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ-на өтініш жаза аласыздар.
Байланыс  e-mail: p.andreev@fms.kz. Плагинді көрнекті зерттеу үшін «МСҚ» КЕАҚ-ның www.fms.kz ресми сайтын ашу керек.


МСҚ-на2019 жылдың қыркүйекайында9 млрд теңгеден астам жарна түсті
 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына»2019 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында 9,3 млрд теңге түсті.
 Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 214,4 млрд теңгені құрады.
Оның 205,5 млрд теңгесі (шамамен 95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (4,1% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 
Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,9% құрады.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 



Енді зейнеткерлер емханаға өтініш жазып-ақ тіркеле алады
 Азаматтардың бірқатар санаты емханаға қағазжүзінде тіркеле алады.
 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін алу кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің өкімі бойынша Азаматтардың кейбір санаттарына емханаға тіркелу қағаз жүзінде рұқсат етілген.
«ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің тапсырмасына сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар 2019 жылдың 1 қазанынан бастап НҚА-ға өзгерістер енгізілгенге дейін келесі тұлғалар үшін емханаға бекітуді қағаз түрінде жүзеге асыру қажет: зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала жасынан мүгедек жанға тағайындалған қамқоршылар (бұл  санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес қамқорлық көрсету, білім беру, тәрбие беру, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен (заңды өкілдер) айналысатын өзге де тұлғалар, жазасын колонияларда өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, тіркеуді сенімхатпен ресімдеген сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері», - делінген ведомство хабарламасында.
Яғни, енді емханаға тіркелу үшін зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар немесе қорғаушылар, патронаттық тәрбиешілер мен балалардың заңды өкілдері, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шетелде туған балалар, сәбилер, жетімдер, қарттар үйлеріндегі балалардың өкілдері, сондай-ақ, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар және сотталғандар қағаз жүзінде өтініш жаза алады.



МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына халыққа көрсеткен медициналық қызметтері үшін 703,8 мрд теңге төледі
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 305 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.   
«2019 жылдың қазанындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 703,8 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 75 пайызын құрайды. Ал, Жамбыл облысы бойынша Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 35,7 млрд теңге төленіп, бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 68,9% пайызын құрады», - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Мавлюда Бокаева.
2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 932,5 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14 пайызға артық.
 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді М.Бокаева.
Биыл еліміз бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға 1405 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 711 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 67-ге артқан, яғни 51% құрайды.
Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 88 медицина ұйымдары қордың жеткізушілері болып табылады, оның 50-і жекеменшік. Қордың барлық жеткізушілер тізімін fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен алуға болады.
 
«Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы
Links
Метки

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
ФСМС
ФСМС
21 октября 2019 года • Вавилов Е.В. • 0 просмотр • комментариев 0
ФСМС
ФСМС
21 августа 2019 года • Вавилов Е.В. • 0 просмотр • комментариев 0
ҚР Президентінің халыққа жолдауы
ҚР Президентінің халыққа жолдауы
11 октября 2018 года • Вавилов Е.В. • 0 просмотр • комментариев 0
Объявление о начале проведения кампании прикрепления
Объявление о начале проведения кампании прикрепления граждан к субъектам здравоохранения, оказывающим первичную-медико-санитарную помощь
15 сентября 2017 года • Вавилов Е.В. • 0 просмотр • комментариев 0
Извещение частной финансовой инициативы о планируемом проекте государственно-частного партнерства
19 июля 2017 года • Облздрав • 401 просмотр • комментариев 0

Наверх

KZ   RU