Шу қалалық емханасының мақсаты- пациенттердің алдын алу және әлеуметтік бағдарын (бағытын) және қанағаттануын күшейте отырып, аумақтық халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.

Көрсетілетін қызмет түрлері.

Емхана медициналық және дәрігерлік қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті дәрігерлік көмек.
  • Ересектерге мына мамандықтар бойынша консультациялық – диагностикалық медициналық көмек: Акушерлік және гинекология, жалпы терапия, жалпы хирургия, инфекциялық аурулар, эндокринология, дерматовенерология, отоларингология, наркология, психиатрия, травматология, онкология, невропатология, офтальмология, иммунология, урология, кардиология.
  • Педиатрия, иммунология, невропатология, отоларингология мамандықтары бойынша балаларға консультациялық диагностикалық медициналық көмек көрсету.
  • Диагностика: рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, фиброэзофагогастродуоденоскопия, электроэнцефалография.
  • Зертханалық диагностика: Жалпы клиникалық, биохимиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер, бактериологиялық зерттеулер.
  • Аурудың ерте және жасырын түрлерін және қауіп факторларын анықтауға бағытталған алдын алу шаралары.
  • Медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, рефлексотерапия (қолмен).
  • Сараптамалық медициналық қызмет: еңбекке уақытша жарамсыздық және кәсіби жарамдылық сараптамасы.
  • Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру.
  •  Иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу.
  • Халықты денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне оқыту.
  • Халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсету.
  • Азаматтарды мамандандырылған көмек және зертханалық-диагностикалық қызметтер алу үшін, стационарларға емдеуге жатқызу және санаторий-курорттық емдеу үшін емхана мамандарымен жіберу.