АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ӘЛЕМНІҢ 135 ЕЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда қолданылады.
Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігін қоса алғанда, әлемнің 117 елі адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.
Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.
ДДҰ ұсынымына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ-9-14 жас аралығындағы қыздар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарлануда.

Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республиқасының денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Ақмарал Әлназарова 1971 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қызылорда қаласының қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999).

Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);

Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);

Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2013 жылғы ақпан – 2014 жылғы желтоқсан);

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (2014 жылғы желтоқсан – 2015 жылғы қараша);

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2015 жылғы қараша – 2019 жылғы сәуір);

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2019 жылғы сәуір – 2020 жылғы маусым).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан депутаты (2020 жылғы 13 тамыздан бастап).