Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

24.08.2025

Жамбылдағы медициналық ұйымдардағы түсіндіру жұмыстары қарқынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың шілде айында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы заңға өзгерістер енгізген болатын. Содан бері халық арасында және медициналық мекемелерде жаңа заңды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы медициналық ұйымдар қызметкерлерін жаңа заңмен таныстыру және өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында ӘМСҚ Жамбыл облыстық филиалы бірқатар іс-шаралар өткізуде.
Филиал директорының орынбасары Нұрлан Дәрменқұлов пен халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Дәурен Бурханов Байзақ аудандық орталық ауруханасында, Тараз қаласындағы «Zhanshuak Medical Group» ЖШС және «Almaz Medical Group» ЖШС емханаларын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нұрлан Қабылұлы кездесулер барысында МӘМС туралы заңға енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіріп өтті. Ал Дәурен Сәрсенбайұлы тұрғындар тарапынан жиі айтылатын медициналық қызмет сапасына қатысты арыз-шағымдарды азайту мәселесіне тоқталды.
«Сіздер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жұмыс істейсіздер. Сондықтан медицина қызметкерлері заңдағы өзгерістермен толық таныс болуы және тұрғындарға оларды дұрыс түсіндіруі өте маңызды», – деді Н. Қабылұлы.
Кездесулер барысында қор филиалының өкілдері медицина қызметкерлерінен түскен сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, емхана қызметкерлері қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу