Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
10.10.2025
Қор филиалы директорының баспасөз конференциясы
Брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова 2025 жылдың 9 айына МӘМС жүйесі шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Негізгі көрсеткіштер:
• 2025 жылы денсаулық сақтау саласына – 132,6 млрд теңге бөлінді (+2,8%);
• Облыс бойынша 109 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде;
• 9 айдың қортындысына сәйкес өңірде 1 391 жоғары технологиялық операция жасалды;
• «Аңсаған сәби» бағдарламасы қолға алынғалы МӘМС аясында – 150 ЭКО, 350-ден аса сәби дүниеге келді;
• Биыл медициналық оңалтуға – 4,6 млрд теңге, соңғы 6 жылда қаржылық өсім 7,3 есе артқан;
• 2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекке – 11,8 млрд теңге бөлінген, ал қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 662 993 рецепт берілген;
«Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады. Бүгінде облыс бойынша (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар саны 70 мыңның шамасында. Жалпы, бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша сақтандырылған азаматтар саны 952 мың яғни халықтың 80,8 пайызы сақтандырылған. Ал сақтандырылмағандар саны шамамен 224 мың адамды құрап отыр»,-деді Қор филиалының директоры.
Брифинг соңында Ғайни Төленқызы журналистердің сұрақтарына жауап берді.



