Денсаулық сақтау жаңалықтары
Жүкті әйел еш жерде жұмыс істемесе, МӘМС-ке жарна төлеуі қажет пе?
Мен жүктімін, еш жерде жұмыс істемеймін, жеке кәсібім де жоқ. Медициналық сақтандыруды төлеуге міндеттімін бе?
 Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол жеңілдік санатына кіреді және МӘМС-ке жарналарды мемлекет төлейді.
Ол үшін тіркелген орны бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігіне байланысты есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, дегенмен оның қабылдауына жазылу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы тиіс. Бұл жағдайда жүкті әйел мәртебесі болмаса да ТМККК аясында қабылдау жүргізетін учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады.
Босанғаннан кейін әйел – үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адам ретінде басқа жеңілдікті санатқа көшетінін білген жөн, сондықтан ол тағы да мемлекет есебінен сақтандырылады.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ







