Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

13.11.2025

Ауған соғысының ардагерлері МӘМС бойынша жеңілдікке ие санатқа жата ма?

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына (өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес, бұл заң — Қазақстандағы МӘМС жүйесін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Аталған заңда басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерді (соның ішінде Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін) МӘМС жарналарын төлеуден босататын нақты норма көзделмеген (егер олар жеңілдігі бар санаттардың біріне кірмесе).
Сонымен қатар, МӘМС бойынша нормативтік актілерде мемлекет жарна төлейтін немесе жарналардан босатылатын азаматтардың санаттары айқындалған. Олардың қатарына зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және кейбір жұмыс істемейтін тұлғалар кіреді.
2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI «Ардагерлер туралы» Заңда да ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктер қарастырылған.
Алайда бұл жеңілдіктер негізінен әлеуметтік көмекке, жәрдемақылар мен салықтық шегерімдерге қатысты, ал медициналық сақтандыру жарналарынан босатуға қатысты емес.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу