Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

05.01.2026

ҚЫЗЫЛШАДАН (КОРЬ) КЕЛЕР ҚАУІП КӨП

Қызылша (корь) – ауа-тамшылы жолмен өте тез таралатын жұқпалы вирустық ауру. Ол көбіне балаларда кездескенімен, вакцина алмаған ересектер үшін де аса қауіпті.
Қызылшаның негізгі белгілері: 🔹 Дене қызуының күрт көтерілуі (38–40°С)
🔹 Жөтел, мұрыннан су ағу
🔹 Көздің қызарып, жас ағуы
🔹 3–5 күннен кейін беттен басталып, бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе
Аурудың асқынулары: Қызылша пневмония, отит, бронхит, энцефалит сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Кей жағдайда өлімге де соқтырады.
Қалай қорғануға болады? ✅ Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация
✅ Ұлттық күнтізбеге сәйкес екпе 1 жаста және 6 жаста салынады
✅ Вакцина қауіпсіз және тегін жүргізіледі
Маңызды! Егер балаңызда немесе өзіңізде қызылшаға тән белгілер байқалса: 📌 Өздігінен емделмеңіз
📌 Басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз
📌 Дереу емханаға хабарласыңыз
Денсаулығыңызды қорғаңыз – вакцина алыңыз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу