Шу қалалық емханасы
Пациенттерге
Пациент өз құқықтарын қалай қорғай алады?
Егер сіз көрсетілген медициналық қызметтің сапасына қанағаттанбасаңыз, медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілуі тиіс қызметтер үшін ақша талап ету фактілеріне кезіксеңіз немесе басқа да мәселелер туындаса, сіз келесі әрекеттерді жасай аласыз:
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгінуіңізге болады. Мұндай қызмет әрбір медициналық ұйымында жұмыс істейді. Ол үшін кері байланысқа шығу үшін байланыс деректеріңізді көрсете отырып, жазбаша өтініш жазу жеткілікті. Толық ақпаратты емхананың тіркеу (ресепшн) бөлімінен алуға болады.








