Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
17.01.2026
ЖРВИ (Жіті респираторлық вирустық инфекция) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын кең таралған жұқпалы аурулар тобы
ЖРВИ (Жіті респираторлық вирустық инфекция) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын кең таралған жұқпалы аурулар тобы. Оған тұмау, парагрипп, аденовирус, риновирус сияқты әртүрлі вирустар себеп болады.
ЖРВИ көбінесе ауа-тамшы жолымен беріледі, яғни жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде вирус сау адамға жұғады. Сондай-ақ, ластанған қол, тұрмыстық заттар арқылы да жұғуы мүмкін.
Аурудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі немесе су ағуы, тамақтың ауруы, жөтел, бас ауруы, әлсіздік жатады. Кейбір жағдайларда бұлшықет ауыруы мен көздің жасаурауы байқалуы мүмкін.
ЖРВИ-дің алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, бөлмені желдету, көпшілік орындарда маска тағу және иммунитетті нығайту маңызды. Ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге қаралу ұсынылады.







