Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

21.01.2026

Жамбылда денсаулық сақтау саласын жетілдіру жөніндегі кеңес өтті

Жамбыл облысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемованың қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – өңірде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Кеңес отырысына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Самал Саурова, сондай-ақ салалық ғылыми орталықтардың жетекші өкілдері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар өз салалары бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтерді. Талқылау қорытындысы бойынша анықталған проблемаларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар айтылып, олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, кеңес барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мониторингтік тобы жүргізген талдау жұмыстарының алдын ала қорытындылары ұсынылды.
Талдау нәтижелері негізінде өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру, басқарушылық және ұйымдастырушылық үдерістерді жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу