Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
21.01.2026
Адам папилломавирусы (ВПЧ) дегеніміз не?
Адам папилломавирусы (ВПЧ) — өте кең таралған вирустар тобы. Оның 200-ден астам түрі бар. ВПЧ көбінесе тері мен шырышты қабықты зақымдайды және негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады.
ВПЧ қалай жұғады?
Жыныстық қатынас кезінде (вагиналды, анальды, оральды)
Терінің зақымданған аймақтары арқылы
Сирек жағдайда – тұрмыстық жолмен
ВПЧ белгілері:
Көп жағдайда ВПЧ ешқандай белгі бермей өтеді. Алайда кейбір түрлері:
Жыныс сүйелдерін (кондилома) тудыруы мүмкін
Әйелдерде жатыр мойны обырына
Ерлер мен әйелдерде анальды, жыныс мүшелері, ауыз қуысы обырына әкелуі мүмкін
ВПЧ қауіптілігі
ВПЧ-ның кейбір «онкогенді» (қауіпті) түрлері қатерлі ісіктің дамуына себеп болады. Әсіресе, 16 және 18 типтері ең қауіпті болып саналады.
Алдын алу жолдары
Вакцинация – ВПЧ-дан қорғанудың ең тиімді жолы
Қауіпсіз жыныстық қатынас (презерватив қолдану)
Әйелдер үшін тұрақты гинекологиялық тексерулер (ПАП-тест)
Қорытынды
ВПЧ — өте кең таралған вирус, бірақ уақтылы алдын алу және тексерулер арқылы оның қауіпті салдарынан сақтануға болады.







