Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
24.01.2026
Қызылша (корь) деген не?
Қызылша (корь) — ауа-тамшылы жолмен таралатын, өте жұқпалы вирустық жұқпалы ауру. Ол көбіне балалар арасында кездескенімен, ересектер де ауыруы мүмкін. Қызылша вирусы ағзаға тыныс алу жолдары арқылы еніп, бүкіл денеге тез таралады.
Аурудың белгілері
Қызылшаның алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болады:
дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі;
жөтел, мұрыннан су ағу;
көздің қызаруы, жас ағу;
әлсіздік, бас ауруы.
2–4 күннен кейін беттен басталып, бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе пайда болады.
Қауіпті асқынулары:
Қызылша асқынған жағдайда:
өкпе қабынуы (пневмония);
ортаңғы құлақтың қабынуы;
ми қабынуы (энцефалит);
иммунитеттің әлсіреуі сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Алдын алу жолдары:
Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы — вакцинация.
Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балаларға 2 рет вакцина егіледі;
Вакцина аурудың ауыр өтуі мен асқынуын болдырмайды.
Қорытынды
Қызылша — елемеуге болмайтын қауіпті жұқпалы ауру. Уақтылы екпе алу және жеке гигиена талаптарын сақтау арқылы аурудың алдын алуға болады.







