Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
30.01.2026
Шу қалалық емханасында «Нипах вирусы — жаһандық денсаулық сақтау үшін зооноздық қауіп. Дәрігерге бүгін нені білген маңызды?» тақырыбында семинар өтті.
Жиынның мақсаты – медициналық қызметкерлердің аса қауіпті зооноздық инфекцияларға қатысты сақтық деңгейін арттыру, жаһандық денсаулық сақтау үшін қауіп төндіретін жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуын анықтау және алдын алуға дайындықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ПМСП ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы талаптар мен биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау болды.
Жиынға Шу қалалық емханасының медицина қызметкерлері қатысты.
Семинардың күн тәртібінде «Нипах вирусы (Nipah virus, NiV) — XXI ғасырдың өзекті зооноздық инфекциясы», «Нипах вирусын жұқтыру кезіндегі клиникалық көріністер және жоғары қауіп тобына жататындар», «Нипах вирусы инфекциясын диагностикалау және дифференциалды диагностикасы» және «Нипах вирусына күдік болған жағдайда емдеудің заманауи тәсілдері және қабылданатын шаралар» мәселелері қаралып, баяндамалар тыңдалды.
Семинар өтті








