Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
27.01.2026
Ескерту: АПВ-ның кейбір қауіпті түрлері жатыр мойны обырының, сондай-ақ басқа да онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады.
Денсаулығыңызды бүгіннен бастап қорғаңыз!
Сұрақтарыңыз болса, біздің емхана мамандарына хабарласыңыз.
Адам папиллома вирусы (АПВ) деген не?
Адам папиллома вирусы (АПВ) – өте кең таралған вирустар тобы. Қазіргі таңда оның 200-ден астам түрі белгілі. АПВ ерлер мен әйелдерде кездеседі және көбіне жыныстық жолмен жұғады.
АПВ қалай жұғады?
Жыныстық қатынас кезінде
Тері мен шырышты қабаттың тікелей жанасуы арқылы
Сирек жағдайда тұрмыстық жолмен
Көп жағдайда вирус ұзақ уақыт ешқандай белгі бермей жүруі мүмкін.
АПВ белгілері
Жыныс мүшелерінде немесе теріде сүйелдер (кондиломалар)
Қышыну, жайсыздық
Кей жағдайларда еш белгісіз өтуі мүмкін
АПВ анықтау
АПВ-ны анықтау үшін:
ПТР талдауы
Цитологиялық зерттеу (ПАП-тест)
Дәрігерлік тексеру жүргізіледі
Емі бар ма?
АПВ-ны толық жоятын арнайы дәрі жоқ, бірақ:
Вирустың белсенділігін төмендетуге
Сүйелдерді алып тастауға
Асқынулардың алдын алуға болады
Ем дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.
Алдын алу жолдары
Қауіпсіз жыныстық қатынас
Жеке гигиена сақтау
АПВ-ға қарсы вакцинация
Тұрақты медициналық тексеруден өту
Маңызды!
АПВ — бұл үкім емес. Уақытылы тексерілу мен дұрыс бақылау көптеген асқынудың алдын алады.







