Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
28.01.2026
Антибиотиктер ЖРВИ-ге әсер етпейді, себебі бұл — вирустық ауру. Антибиотик тек дәрігер тағайындаған жағдайда ғана қолданылады.
ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) туралы ақпарат
ЖРВИ — тыныс алу жолдарын зақымдайтын, көбіне күз-қыс мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы ауру. Бұл ауруды әртүрлі вирустар тудырады және ол адамнан адамға өте тез таралады. ЖРВИ-мен көбіне балалар, иммунитеті төмен адамдар және көпшілік ортада жүретін адамдар жиі ауырады.
ЖРВИ қалай жұғады?
ЖРВИ негізінен:
ауа-тамшы жолымен (жөтелгенде, түшкіргенде),
жанасу арқылы (ауру адамның қолы тиген заттарды ұстағанда),
ортақ тұрмыстық заттар арқылы (ыдыс, сүлгі, телефон) жұғады.
Негізгі белгілері
ЖРВИ кезінде мынадай белгілер байқалады:
дене қызуының көтерілуі,
тамақтың ауруы,
мұрыннан су ағу немесе бітелу,
жөтел,
әлсіздік, бас ауруы,
тәбеттің төмендеуі,
қалтырау.
Емдеу жолдары
ЖРВИ көбіне жеңіл түрде өтеді және дұрыс күтім жасалса, бірнеше күнде жазылады. Емдеудің негізгі тәсілдері:
көп сұйықтық ішу (жылы шай, су, компот),
демалу және ұйқыны қалыпқа келтіру,
бөлмені жиі желдету және ылғалды тазалау,
қажет болса дәрігер кеңесімен қызу түсіретін дәрілер қолдану.
Алдын алу шаралары
ЖРВИ-ден сақтану үшін:
қолды жиі сабындап жуу,
көпшілік жерде маска тағу,
дұрыс тамақтану және дәрумен қабылдау,
иммунитетті күшейту,
суықтан сақтану,
ауырған адамдармен байланысқа түспеу қажет.
Қашан дәрігерге қаралу керек?
Егер:
дене қызуы 3 күннен ұзақ түспесе,
тыныс алу қиындаса,
қатты әлсіздік немесе кеуде ауыруы болса,
балада жағдай нашарласа — міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет.







