Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
30.01.2026
Қызылша (корь) – өте жұқпалы жедел вирустық ауру.
Қызылша (корь) — өте жұқпалы жедел вирустық ауру. Ол ауа-тамшы жолымен таралады және көбіне балалар арасында кездеседі, бірақ вакцина алмаған ересектер де ауыруы мүмкін.
Қызылшаның негізгі белгілеріне дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел, көздің қызарып жас ағуы жатады. Аурудың 3–5-күні беттен басталып, кейін бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе пайда болады.
Қызылша асқынуларымен қауіпті. Ол пневмонияға, отитке, энцефалитке әкелуі мүмкін. Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы — вакцинация. Қызылшаға қарсы екпе ұлттық күнтізбе бойынша балаларға екі рет салынады.
Ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі емдемей, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.







