Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
03.02.2026
АПВ-ның 200-ден астам түрі бар
Кейбір түрлері зиянсыз, ал кейбірі қауіпті болуы мүмкін
Көп жағдайда вирус еш белгісіз өтеді
АПВ несімен қауіпті?
Белгілері
Алдын алу жолдары
Вакцинация – ең тиімді қорғаныс
Жеке гигиенаны сақтау
Тұрақты медициналық тексерілу
Қорғаныш құралдарын қолдану
Вакцина жасөспірім қыздар мен ұлдарға ерте жаста салынса, тиімділігі жоғары болады.
Маңызды!
Адам папиллома вирусы (АПВ) дегеніміз не?
Адам папиллома вирусы (АПВ) – әлемде ең кең таралған вирустық инфекциялардың бірі. Ол көбінесе тері мен шырышты қабықты зақымдайды және жыныстық жолмен жұғады.
Кейбір жоғары қауіп тобына жататын АПВ түрлері:
жатыр мойны обырына 
анальды обырға
ауыз қуысы мен жұтқыншақ обырына әкелуі мүмкін
Төмен қауіптегі түрлері:
сүйелдер мен папилломалар тудырады 
Көп жағдайда:
ешқандай белгі болмайды 
кейде теріде немесе жыныс аймағында өсінділер пайда болуы мүмкін
АПВ – үкім емес. Уақтылы тексерілу мен алдын алу арқылы көптеген ауыр асқынулардың алдын алуға болады 







