Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
05.02.2026
Қызылшаның негізгі белгілері:
Асқынулары:
Алдын алудың ең тиімді жолы — вакцинация.
Ескерту:
Екпе — балаңыздың және қоғамның денсаулығын қорғайды.
Қызылша – жұқпалы ауру
Қызылша — ауа-тамшылы жолмен өте тез жұғатын вирустық жұқпалы ауру. Ол көбіне балалар арасында кездеседі, алайда екпе алмаған ересектер де ауыруы мүмкін.
Дене қызуының 38–40°C дейін көтерілуі
Мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың ауыруы
Көздің қызарып, жас ағуы
Беттен басталып, бүкіл денеге тарайтын қызыл бөртпе
Қызылша пневмония, отит, энцефалит сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Қызылшаға қарсы екпе балаларға ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес тегін салынады.
Қызылша белгілері байқалса, өздігінен емделмей, дереу дәрігерге қаралыңыз. Ауру жұқпалы болғандықтан, науқасты оқшаулау маңызды.







