Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
14.02.2026
Қалай жұғады? / Как передается?
тері-тері жанасу арқылы
жыныстық қатынас кезінде
сирек жағдайда тұрмыстық жолмен
Көп адамдар вирус жұқтырғанын білмеуі мүмкін.
Қандай ауруларға әкелуі мүмкін?
сүйелдер
жатыр мойны обыры
тамақ, ауыз қуысы, аналь аймақ обыры
АПВ-ға қарсы вакцина
9–14 жас аралығында егу ұсынылады
қыздарға да, ұлдарға да жасалады
қауіпсіз және тиімді.
Қалай қорғануға болады?
вакцина алу
жеке гигиена сақтау
тұрақты медициналық тексерілу.
Адам папиллома вирусы (АПВ) деген не?
Адам папиллома вирусы (АПВ) — өте кең таралған вирустар тобы. Оның 200-ден астам түрі бар. Кейбір түрлері теріде сүйел (бородавка) шығарады, ал қауіпті түрлері қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
АПВ-ға қарсы вакцина — қатерлі ісіктің алдын алудың тиімді жолы.
Ол ағзаны ең қауіпті вирус түрлерінен қорғайды.







