Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
24.02.2026
Жекеменшік клиникаларда күрделі операциялар сәтті жүргізілуде
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеннен бері жамбылдықтар медициналық көмекті тек мемлекеттік мекемелерден ғана емес, сонымен қатар жекеменшік клиникалардан да алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – сақтандыру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі.
Пациент тіркелген емханасы арқылы МӘМС аясында қызмет көрсететін кез келген медициналық ұйымға жолдама ала алады. Мұндай жағдайда азамат медициналық қызмет үшін ақы төлемейді, себебі шығындар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеледі.
Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Динара Есимова жоспарлы түрде «Эскулап» емдеу орталығында гинекологиялық ота жасатты. Пациенттің айтуынша, ота сәтті өткен, ал науқастың жағдайы жақсы, үйге шығуға дайындалып жатыр.
Айта кетейік, бұл ота МӘМС жүйесі аясында тегін жүргізілді.







