Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
04.03.2026
Белгілері:
Жыныс жолдарынан бөлінді
Қышыну, ашыту
Зәр шығару кезінде ауырсыну
Төменгі іштің ауыруы
Кей жағдайда еш белгісіз өтуі мүмкін
Маңызды: Кейбір инфекциялар симптомсыз өтеді. Сондықтан жылына кемінде 1 рет тексеруден өту ұсынылады.
Алдын алу жолдары:
Презерватив қолдану
Бір тұрақты серіктеспен болу
Кездейсоқ қатынастан бас тарту
Уақытылы медициналық тексерілу
АПВ-ға қарсы вакцинация
Ерте анықтау – тиімді емнің кепілі. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар – қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар. Олар ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ең жиі кездесетін инфекциялар:
• АИТВ инфекциясы
• Мерез
• Гонорея
• Хламидиоз
• Трихомониаз
• Адам папиллома вирусы (АПВ)







