Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
16.03.2026
Азаматтар арасында МӘМС жүйесі туралы көптеген жаңсақ пікірлер айтылып жатады. Солардың бірнешесін талқылайық:
МӘМС туралы 5 жаңсақ пікір
1. МӘМС арқылы тек мемлекеттік емханаларда ғана емделуге болады деп ойлайтындар бар.
— Шын мәнінде, МӘМС аясында медициналық қызметтерді Қормен келісімшарт жасасқан жеке клиникаларда да алуға болады.
2. Азаматтар МӘМС жарналарын тағы бір салық түрі деп есептейді.
— Жоқ, МӘМС – бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама. Ол емделуге кететін шығындарды азайтуға көмектеседі.
3. МӘМС тегін медицинаны алмастырады.
— МӘМС жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алмастырмайды, оны толықтырады.
4. МӘМС үшін төлемесеңіз, жедел жәрдем шақыра алмайсыз.
— Жоқ, жедел жәрдем шақыру тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Бұл үшін сақтандырылған мәртебесі қажет емес.
5. МӘМС аясында тек арзан анализдер ғана тапсыруға болады деп жатады.
— МӘМС аясында қымбат зерттеулерді де тапсыруға болады. Сондай-ақ дәрігердің тағайындауымен толық диагностикадан өтуге мүмкіндік бар.







