Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
27.03.2026
Бұл орталықта сәбилер мен жас балалардың денсаулығын бақылау, олардың дұрыс дамуын қадағалау және ерте кезеңде анықталған мәселелерге дер кезінде көмек көрсету басты назарда
Мамандар балалардың физикалық, психологиялық және сөйлеу дамуын бағалап, ата-аналарға қажетті кеңестер береді
Ерте араласу – бала болашағына салынған инвестиция. Уақытында көрсетілген көмек баланың толыққанды дамуына үлкен мүмкіндік береді
Орталықта білікті дәрігерлер мен мамандар қызмет көрсетіп, әр балаға жеке тәсілмен жұмыс жүргізеді
Баланың дені сау, дамуы үйлесімді болуы – әр ата-ананың басты мақсаты. Осы жолда “Даму және ерте араласу орталығы” әрдайым сіздерге қолдау көрсетуге дайын!







