Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

09.04.2026

Реформаларды түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті

Шу қалалық емханасының комплаенс-офицері Абдуллаев Таджир Максим-Оглы денсаулық сақтау саласындағы жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізді.
Аталған жиынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асыру, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі жаңашыл өзгерістерді түсіндіру болды.
Жиын барысында қатысушыларға денсаулық сақтау саласындағы реформалардың негізгі бағыттары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, пациенттердің құқықтары мен міндеттері, медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі және заң талаптарын сақтау мәселелері де қозғалды.
Абдуллаев Таджир Максим-Оглы өз сөзінде реформалардың басты мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу екенін атап өтті.
Бұл шара медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және емхана қызметінің тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу