Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
14.04.2026
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – өте қауіпті жұқпалы ауру. Ол көбінесе кене шағуы арқылы немесе ауру малдың қаны, тіндері арқылы адамға жұғады.
Аурудың негізгі тасымалдаушылары – кенелер. Көбіне ауылдық жерлерде, мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында кездеседі.
Аурудың белгілері: дене қызуының күрт көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықет ауруы, жүрек айну, кей жағдайларда қан кетулер (мұрыннан, қызыл иектен) байқалады.
Ауру өте қауіпті, дер кезінде емделмесе ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Алдын алу шаралары: табиғатқа шыққанда жабық киім кию, денені кенеден тексеру, малмен жұмыс істегенде қолғап пайдалану, кенені өз бетіңізше жұлып алмау және бірден дәрігерге жүгіну.
Егер кене шақса немесе жоғарыда аталған белгілер байқалса, дереу медициналық мекемеге қаралу қажет.







