Иммундау – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы. Вакцина ағзаны түрлі инфекцияларға қарсы қорғаныс қалыптастырып, аурудың ауыр түріне шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін екпе – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы.
Вакцинаның пайдасы Вакциналар көптеген қауіпті аурулардың, соның ішінде қызылша, көкжөтел, сіреспе, гепатит және тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Уақытылы салынған екпе жеке адамды ғана емес, тұтас қоғамды инфекцияның таралуынан қорғайды. Бұл – ұжымдық иммунитет қалыптастырудың негізі.
Балаларға екпе не үшін қажет? Балалардың иммундық жүйесі толық қалыптаспағандықтан, олар инфекцияларға осал келеді. Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін вакцинация баланың денсаулығын нығайтып, ауыр асқынулардың алдын алады. Әр ата-ана баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе уақытын өткізіп алмауы тиіс.
Екпе кестесін сақтау маңызды Иммундау белгілі бір жас кезеңдерінде жүргізіледі. Сондықтан дәрігер ұсынған кестеге сәйкес уақытылы екпе алу өте маңызды. Егер қандай да бір себеппен екпе кешіктірілсе, міндетті түрде медицина қызметкерімен кеңесу қажет.
Қауіпсіздік және сенім Қазіргі вакциналар халықаралық стандарттарға сай тексерілген және қауіпсіз. Екпеден кейінгі жеңіл белгілер (қызару, дене қызуының көтерілуі) – ағзаның қорғаныс реакциясы. Егер күмәніңіз болса, дәрігерге жүгініңіз.
Денсаулық – ортақ жауапкершілік Иммундау арқылы сіз өзіңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдарды да қорғайсыз. Уақытылы вакцина алып, салауатты қоғам қалыптастыруға өз үлесіңізді қосыңыз!