Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
24.04.2026
ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) — тыныс алу жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Оған тұмау, парагрипп, аденовирус, риновирус сияқты көптеген вирустар жатады. Бұл аурулар әсіресе күз-қыс мезгілдерінде жиі таралады.
ЖРВИ-дің негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелуі немесе су ағуы, жөтел, тамақтың ауруы, әлсіздік, бас ауруы жатады. Кей жағдайларда науқаста тәбеттің төмендеуі мен бұлшықет ауруы да байқалуы мүмкін.
Балалар, қарт адамдар және иммунитеті әлсіреген жандар ЖРВИ-ге жиі шалдығады. Сондықтан бұл топтағы адамдарға алдын алу шараларын күшейту ерекше маңызды.
Емдеу барысында көп сұйықтық ішу, тынығу, дәрумендер қабылдау және дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет. Өз бетімен антибиотик қабылдау дұрыс емес, себебі ЖРВИ вирустық ауру болып табылады.
Алдын алу үшін қолды жиі жуу, қоғамдық орындарда маска тағу, бөлмені желдету, дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту маңызды. Ауру белгілері байқалған жағдайда үйде қалып, басқалармен байланысты шектеу қажет.







