Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
15.05.2026
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — кене арқылы жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру адам ағзасына вирус түсуі нәтижесінде пайда болады және дер кезінде ем қабылдамаса, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Ауру көбіне көктем мен жаз мезгілдерінде жиі кездеседі.
Аурудың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, қатты бас ауруы, әлсіздік, бұлшықет пен буындардың ауруы, жүрек айну және кей жағдайда қан кету белгілері байқалады. Мұндай белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Конго-Қырым қызбасын көбіне кенелер таратады. Сондықтан табиғат аясына шыққанда жабық киім киіп, денені кенеден қорғайтын арнайы құралдарды пайдалану маңызды. Мал шаруашылығымен айналысатын адамдар да сақтық шараларын қатаң ұстануы тиіс.
Аурудың алдын алу үшін аула мен қора-қопсыны таза ұстап, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Егер денеге кене жабысып қалса, оны өздігінен жұлып алмай, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген дұрыс.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!







