Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
19.05.2026
Шу қалалық емханасының мамандары Төле би атындағы мектепте қыз балалар арасында «Репродуктивті денсаулық және жеке бас тазалығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың денсаулығын нығайту, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және пайдалы ақпарат беру болды.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері қыз балаларға репродуктивті денсаулықтың маңызы, ағзадағы жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер және дұрыс күтім жасау жолдары жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Мамандар жеке бас гигиенасын сақтау – түрлі аурулардың алдын алудың негізгі жолдарының бірі екенін атап өтті. Қыз балаларға тазалық сақтау ережелері, күтім құралдарын дұрыс пайдалану және денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерден аулақ болу туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Ашық форматта өткен жиын жасөспірімдердің еркін пікір алмасуына мүмкіндік беріп, олардың денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
«Репродуктивті денсаулық және жеке бас тазалығы» тақырыбында түсіндірме жұмысы








