Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

29.05.2026

Ақпараттық-түсіндіру сабағы өткізілді

Шу қалалық емханасының мамандары №10 колледж білім алушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру сабағын өткізді. Кездесу барысында жастар денсаулығына қатысты маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды.

🔹 Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін арттыру болды.

🔹 Іс-шара барысында мамандар нашақорлықтың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, есірткі заттарының адам ағзасына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылды.

🔹 Репродуктивті денсаулық тақырыбында жастарға денсаулықты сақтау, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Мамандар болашақ ұрпақ саулығы әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталатынын атап өтті.

🔹 Сондай-ақ, жыныстық жолмен жұғатын аурулар жөнінде ақпарат беріліп, олардың алдын алу жолдары, белгілері және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі түсіндірілді. Білім алушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу