Шу қалалық емханасы
МӘМС
11.06.2026
Таразда халық денсаулығын қолдауға бағытталған «Денсаулық аралы” акциясы өтті
Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиалы мен №2 қалалық емхананың ұйымдастыруымен кезекті «Денсаулық аралы » акциясы өтті. 👩🏻⚕️🩺
📍 Іс-шара «НурИслам» сауда орталығында ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін медициналық-консультациялық көмек көрсетілді.
Акция барысында:
✅ кардиолог, эндокринолог, терапевт кеңесі берілді
✅ қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшенді
✅ алғашқы медициналық тексерулер жүргізілді
✅ салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар айтылды
✅ МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Іс-шараға қатысқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын! 💚







