Емхана жаңалықтары
Қырым-Конго қанды безгегінің алдын алу.
Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 13 мамыр күні ДТІЖО А.Р.Адалбекова, ДҚТІЖО М.М.Нурбекова. мектеп медбикесі Б.Д.Башегова, АӘТД жетекшісі Т.Сағырбаев 5-11 сыныптарды білім алушыларына «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түрлі жағдайлардағы жолда жүру (жаяу жүру, велосипед, электромопед, скутер), өрт , түнгі уақытта жүру, жазғы шомылу маусымында, су айдындарындағы судағы т.б. төтенше жағдайлардың,
Түсіндірме жұмысы барысында мектеп медбикесі Б.Д.Башегова білім алушыларға кене шақан кездегі алғашқы белгілері туралы және кене шаққан кездегі жасалатын алғашқы көмек туралы, медициналық көмекке жүгіну керектігі туралы, өйткені оның адам өміріне қауіпті екенін, одан түрлі аурулар тарайтынын айтып, тақарып аясында бейне ролик көрсетті.
ДТІЖО А.Р.Адалбекова балаларға жолда жүру кезіндегі ережелері туралы айтып, велосипед, электромопед, скутерлермен жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айта келе, балалар өміріне оның қауіпті екенін ескертті. Жасөспірімдер арасындағы бопсалау, әлімжеттік, қорқытып алу мәселелеріне де тоқталып өтті. Ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындарын айтты. ДҚТІЖО М.М.Нурбекова білім алушыларға шомылу маусымының жақындап қалғанын, суға шомылу кезінде және су айдынындағы қауіпсіздік ережелері туралы айтып, бейнебаян көрсетті. Сонымен қатар түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде, көшеде жүрмеу керектігін ескертті.
АӘТД жетекшісі Т.Сағырбаев өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін айтты.