Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

25.06.2026

ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫ

Қуық асты безі обыры (простата обыры) – ер адамдар арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі. Бұл ауру қуықтың астында орналасқан және ұрық сұйықтығын өндіруге қатысатын қуық асты безінің жасушаларынан дамиды.
Аурудың негізгі қауіп факторларына жас ұлғаюы, тұқым қуалаушылық, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер мен қозғалыс белсенділігінің төмендігі жатады. Әсіресе 50 жастан асқан ер азаматтар өз денсаулығына ерекше көңіл бөлуі қажет.
Қуық асты безі обырының бастапқы кезеңдерінде айқын белгілер байқалмауы мүмкін. Ауру асқынған жағдайда зәр шығарудың қиындауы, жиі зәр шығару, зәрде немесе шәуетте қанның болуы, бел мен жамбас аймағындағы ауырсыну сияқты белгілер пайда болуы ықтимал.
Дер кезінде анықталған жағдайда бұл дертті тиімді емдеуге болады. Сондықтан дәрігерлер 50 жастан асқан ер адамдарға, ал тұқым қуалаушылық қаупі бар азаматтарға бұдан ертерек уролог маманға қаралып, профилактикалық тексеруден өтуді ұсынады.
Қуық асты безі обырының алдын алу үшін дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау, темекі мен алкогольден бас тарту және тұрақты медициналық тексерулерден өту маңызды.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіз! Ерте диагностика – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу